«Таза Қазақстан» акциясына Италиядан келген туристер үлес қосты
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Жамбыл облысының тұрғындары белсенді атсалысуда. Экологиялық науқан аясында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бастамасымен Тараз қаласындағы «Қарахан баба» кенесіне алма ағаштары отырғызылды. Мұндағы мақсат – келген турист, қонақтарға жайлы жағдай жасау. Акцияға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымынан бөлек, белгілі тарихшылар, мәдениет саласының мамандары , журналистер, қала тұрғындары мен жастар қатысты.


08 Сәуір 2025
547
16 Қараша 2019