Дәуітбек
Қалам мен семсердің билеушісі-Дәуітбек баба
Дәуітбек баба туралы аңыздар ел аузында көп сақталған. Баба сол кездегі маңызды тұлғаның бірі, Қарахан бабамен туыстық байланыстығы болған. Т.Н. Сенигованың зерттеулерінде: «... жерленген тұлға қалам мен семсердің билеушісі, XIII ғасырдағы ірі қолбасшылардың бірі», - деп көрсетіледі. Ұлық Білге Икбалхан Дәуітбек аңыз бойынша ол шайқастардың бірінде қаза табады. Ол қайтыс болған соң оның жерленген жеріне ерекше пішінді ескерткіш қойылады.