Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости

Новости
           2025 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ұйымдастыруымен елімізге 24 елден келген
аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдері Тараз қаласына арнайы іс-сапармен келді.
          Сапар барысында мәртебелі қонақтар ежелгі Тараздың тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысып, ұлы
дала мұрасына, қазақ халқының бай тарихы мен мәдени құндылықтарына зор қызығушылық танытты.
Шетелдік делегация мүшелері Тараздың киелі орындарынан алған ерекше әсерлерін атап өтіп, жергілікті
халықтың қонақжайлылығы мен мәдениетке деген құрметіне шынайы ризашылықтарын білдірді.
 
 
         Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және
ескерткіштерді қорғау” бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Қамбар «Жамбыл радиосының»
«Асыл қазына» хабарына арнайы қонақ болып қатысты.
         Эфир барысында ол өңір тарихындағы ерекше мәдени мұралардың бірі — Қарақожа мешіті жайлы тың
деректермен, тарихи маңызы мен зерттеу нәтижелері туралы мазмұнды ақпараттармен бөлісті.
         Ұлт тарихын ұлықтау мен киелі мұраларды насихаттау жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын, Гүлмарал!
 
          “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Абай
атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттері арасында өткен бұл байқау шығармашылық
пен табиғат сұлулығын тоғыстырған ерекше шара болды.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын — Қалмахан Арайлым
ІІ орын — Әшімхан Әмина
ІІІ орын — Байзакова Камилла
          Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Байқауға белсене
атсалысқан жетекшілерге алғыс хаттар, ал қатысушыларға сертификаттар табысталды.
         Шабыт пен ізденіс жолындағы қадамдарыңыз сәтті болсын!
 
 
       Қытай Халық Республикасының Шанси провинциясындағы Батыс-Солтүстік университетінің
Жібек жолы зерттеу орталығының докторанты Ян Чу Шюань, Шанси провинциясы археология
институтының археологі Джан Күнь, және Сиан қалалық археология институтының суретшісі Гау Чи
Жамбыл облысына арнайы іссапармен келіп, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қостөбе,
Ақыртас, Өрнек, Ақтөбе-Баласағұн және Құлан қалашықтарын аралап, олардың тарихи-мәдени маңызымен
танысты.
      Бұл сапар – Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға
бағытталған маңызды қадам болды.
 
 
 
 
       Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында қалпына келтіру жұмыстары
белсенді жүргізілуде. Айша бибі кесенесінде — жарамсыз болған арка қалпына келтіріліп, кесене келушілерге
бұрынғыдан да әсем көрініс беруде. Қарахан баба кесенесінде — туристердің жайлылығы үшін сапалы жолдар
төселіп, айналасы көгалдандырылуда.
      Бұл жұмыстар – халқымыздың рухани және тарихи мұрасына деген зор құрметтің көрінісі.