Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Халықаралық ынтымақтастық аясындағы маңызды кездесу!

Халықаралық ынтымақтастық аясындағы маңызды кездесу!

       Қытай Халық Республикасының Шанси провинциясындағы Батыс-Солтүстік университетінің
Жібек жолы зерттеу орталығының докторанты Ян Чу Шюань, Шанси провинциясы археология
институтының археологі Джан Күнь, және Сиан қалалық археология институтының суретшісі Гау Чи
Жамбыл облысына арнайы іссапармен келіп, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қостөбе,
Ақыртас, Өрнек, Ақтөбе-Баласағұн және Құлан қалашықтарын аралап, олардың тарихи-мәдени маңызымен
танысты.
      Бұл сапар – Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға
бағытталған маңызды қадам болды.