Шырағдандар мен суқұйғыштар
Шырағдандар
Түрлі түсті, әсем өрнектеліп, арнайы жылтыратқыш сырлармен қапталған бұл бұйымдар – сәндік-қолданбалы өнердің көрнекті үлгілері. Көп жағдайда олар бір білтелі болып жасалады. Шырағданның сәндік ерекшелігін айқындайтын бірегей бөлшектерінің бірі – өрнектермен көмкерілген шығыңқы тұтқасы. Бұл элемент шырағданды ұстауға қолайлы болумен қатар, оның эстетикалық келбетін байыта түседі. Нәзік оймыштармен және шеберлікпен салынған ою-өрнектермен безендірілген үлгілер ерекше жоғары бағаланады. Олар қазақтың сәндік-қолданбалы өнеріне тән сұлулық пен көркемдік талғамның үйлесімділігін айқын көрсетеді. Осындай көркемдік сипаттар шырағдандарды қарапайым тұрмыстық зат қана емес, рухани-мәдени мұраның маңызды бір бөлігі ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.
Светильники
Красочные, красиво декорированные изделия, покрытые специальными глазурями. Они, однорожковые. Одной из уникальных деталей, усиливающих декоративность подсвечника, является выступающая ручка, покрытая узорами. Этот элемент не только делает подсвечник удобным для удержания, но и обогащает его эстетический вид. Особенно ценятся образцы, украшенные изящной резьбой и мастерски выполненными орнаментами – они отражают гармоничное сочетание изящества и художественного стиля, характерное для казахского прикладного искусства. Благодаря таким декоративным особенностям подсвечники воспринимаются не просто как утилитарные предметы быта, но и как духовно-культурное наследие.
Lamp
These colorful, beautifully decorated candlesticks are coated with special glazes. They are single-armed. One of the unique details that enhances the candlestick's decorative appeal is the protruding handle, covered in patterns. This element not only makes the candlestick comfortable to hold but also enhances its aesthetic appeal. Particularly prized are those adorned with exquisite carvings and masterfully executed ornaments—they reflect the harmonious blend of elegance and artistic style characteristic of Kazakh applied art. Thanks to these decorative features, the candlesticks are perceived not simply as utilitarian household items, but also as a spiritual and cultural heritage.
Суқұйғыштар
Ежелгі Тараздың керамикасы көркемдік және техникалық жетілуімен ерекшеленеді, бұған қыш бөліктерінің, бояу мен шыңылтырдың жоғары сапасы, бұйымдардың пішіні мен өрнегі дәлел бола алады. Қыш ыдыстары қолмен жабыстырма әдісімен де, қыш шеңберінің көмегімен де жасалған. Өнімдердің безендірілуі әсемдігімен және нәзік түстерімен сипатталады. Ою - өрнектер салу үшін қалыптама, қию, құйма, қырнау сияқты техникалық әдістер қолданылған. Ежелгі қолөнер шеберлерінің қыш бұйымдарына өсімдік, геометриялық және аң-құстарды бейнелеп салған мағыналы өрнектері Ежелгі Тараз тұрғындарының мәдениеті мен тұрмысының жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді.
Сосуды
Керамика древнего Тараза отличается художественным и техническим совершенством, о чем свидетельствует высокое качество черепков, глазурей и красок, завершенность форм и декора изделий. Изготавливаемая посуда была открытой и закрытой форм, изготавливалась как техникой ручной лепки, так и с помощью гончарного круга. Для декора изделий характерны изящество и тонкое чувство колорита. Для нанесения орнаментации использовались различные технические приемы – штамповка, резьба,налеп ивдавления. Древними мастерами высокохудожественно изображались растительные и геометрические фигуры, стилизованные изображения животных, птиц и людей, таким образом, язык символов отразил богатую местную символику и фольклорные представления древних жителей Тараза.
Vessel
The ceramics of ancient Taraz is distinguished by artistic and technical perfection, as evidenced by the high quality of shards, glazes and paints, the completeness of the forms and decoration of products.The dishes made were open and closed forms, made both by the technique of hand molding and with the help of a potter's wheel. The decoration of the products is characterized by grace and a subtle sense of color.Various techniques were used to apply ornamentation - stamping, carving, adhesion and indentation.The ancient masters highly artistically depicted plant and geometric figures, stylized images of animals, birds and people, thus, the language of symbols reflected the rich local symbolism and folklore representations of the ancient inhabitants of Taraz.
22 Окт 2025
351
16 Нояб 2019