Новости
“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызының "Тектұрмас кесенесі – Ислам дәуірі мен Ұлы жібек жолы тоғысындағы киелі орын" атты мақаласы Kazmuseum.kz сайтында жарық көрді!
Толығырақ танысу үшін https://kazmuseum.kz


M. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде тарих мамандыгының бірінші курс студенттеріне "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи- мәдени музей-қорығы "ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің тарихшысы Орынбасар Ақерке "Жүнісбай мешіті" тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Дәріс барысында Тараз өңіріндегі мешіттің тарихи маңызы, сәулеттік ерекшеліктері мен мәдени құндылығы туралы тың мәліметтер ұсынылды.
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығының 1 курс студенттеріне «Құлан қалашығы және оның археологиялық зерттеулері» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттер Құлан қалашығының тарихи дамуы, ортағасырлық Жібек жолындағы стратегиялық маңызы, сондай-ақ жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары мен табылған мәдени жәдігерлер туралы құнды мағлұматтар алды.
Кездесу студенттерге өңірдің бай археологиялық мұрасы мен тарихи-мәдени құндылықтарын тереңірек тануға мүмкіндік берді.



Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Мадина Ибадильдаева Жамбыл радиосының «Асыл қазына» хабарына арнайы қонақ болып қатысты.
Эфир барысында өңір тарихындағы ерекше мәдени мұралардың бірі – Жалпақтөбе (Жікіл) қалашығының тарихы мен зерттелу нәтижелері жөнінде мазмұнды ақпараттармен бөлісті.


"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Нәметбай мешітіне бүктеме парағы дайындалды. Ақпаратты ұсынушы "Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің қызметкерлері. Көркемдік тұрғыдан безендірген "Қор сақтау және есепке алу" бөлімінің дизайнері - Г.С. Әбдібекова.
10 Нояб 2025
83