Новости
Ағымдағы жылдың 31 қазан күні Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорықтың
ұйымдастыруымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің білімгерлеріне
«Ежелгі Тараздың тарихи құндылықтары» атты жылжымалы көрме өткізілді.
Көрме барысында студенттерге Тараз өңірінен табылған бірегей тарихи жәдігерлер таныстырылып,
олардың тарихи-мәдени маңызы жайлы мағлұмат берілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жас ұрпаққа
ата-бабадан қалған мұраны танытып, тарихи сананы қалыптастыру және мәдени құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру
⠀ Ежелгі Тараз — мыңжылдықтардан сыр шерткен алтын қазына!
Тарихымызды бірге танып, болашағымызға аманаттайық!





Ежелгі Тараз өркениеті — тек қала емес, мыңжылдықтар сырын сақтаған қазына. Археологиялық
қазба жұмыстары барысында көне шаһардың дәл жүрегінен алтыннан жасалған бірегей көмбе табылған болатын.
Зергерлік бұйымдар
Ұсақ алтын түйіршіктер мен теңге қалдықтары
Биік мәртебелі тұлғаларға тиесілі әшекейлер
Бұл жәдігерлер — Тараздың VI–XII ғасырлардағы гүлденген сауда, өркениет және қолөнер орталығы
болғанының айқын дәлелі.
Ұлы Жібек жолының бойындағы Тараз — байлық пен мәдениеттің түйіскен мекені. Ал табылған
алтын көмбе — соның айғағы!
Тарихымызды түгендеп, рухани мұрамызды бағалайық! Көне Тараз – мәңгілік қала!
Құрметті отандастар!
“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы баршаңызды
Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн — халқымыздың тәуелсіздікке деген ұмтылысы мен мемлекетіміздің іргесін бекіткен маңызды
мереке. Республика күні — елдігіміздің, бірлігіміздің және азат рухымыздың символы. Тарихы терең, тамыры
мықты Тараз топырағы ежелгі өркениеттердің куәсі ретінде елдік пен бірліктің киелі бесігі болып келеді.
Осы рухани мұраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің ортақ парызымыз.
Осы мерейлі күні баршаңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, елімізге береке-бірлік пен бейбіт өмір
тілейміз! Мерекеміз құтты болсын!
Бүгін «Ежелгі Тараз тарихи-мәдени музей-қорығы» Республика күніне орай «Ұлттық құндылықтардың
жаңғыруы» атты республикалық челлендж ұйымдастырды.
Бұл шараға «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің оқушылар
сарайы» КММ-нің «Шұғыла» бейнелеу өнері студиясынан 30-ға жуық оқушы қатысып, музей экспонаттарына
қарап өз туындыларын салды. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру,
ұлттық мәдениет пен тарихи мұраға құрмет сезімін арттыру.
03 Нояб 2025
156