Новости
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттері үшін ерекше шығармашылық
байқау бастау алды. Бүгін байқаудың бірінші кезеңі өтті.
Жас суретшілер өз қиялдарын арқау етіп, Айша бибі мен Қарахан кесенелерінің әсем келбеттерін қағаз
бетіне түсірді. Байқаудың мақсаты – Тараз қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін жастарға кеңінен
таныстыру, экологиялық таза туризмді дамыту және ата-бабамыздан жеткен тарихи мұраны сақтау.
Осындай бастамалар арқылы жас буынның туған жерге деген сүйіспеншілігі мен табиғатқа жанашырлығы
арта түседі.
Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді
қорғау» бөлімінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы №23 орта мектептің 6–7 сынып оқушылары үшін
бүгін «Өлкенің жас археологы» атты үйірменің екінші кезеңі ұйымдастырылды.
Бұл кезеңде оқушыларға археологиялық қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлердің реставрациядан
өткен нұсқалары таныстырылды. Сонымен қатар, құнды да бірегей тарихи экспонаттар қойылған шағын көрме
ұсынылды. Жас жеткіншектер үшін бұл ерекше тәжірибе болып, оларды тарих пен мәдени мұраға жаңаша
қырынан қызықтыра түсті.
Мұндай іс-шаралар – жас ұрпақтың туған жерінің бай тарихына деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдени
құндылықтарды сақтауға тәрбиелеудің маңызды қадамы.
Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей қорығының «Ғылыми жұмыс және ескерткіштерді қорғау»
бөлімінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы №23 орта мектептің 6–7 сынып оқушылары үшін ерекше
екі күндік «Өлкенің жас археологы» атты үйірме ұйымдастырылды.
Бұл шара жас жеткіншектердің:
археологиялық білімнің алғашқы қырларын үйренуіне;
туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыруға;
тарихи ескерткіштерді қорғауға деген жауапкершілігін оятуға бағытталды.
Екі күн бойы оқушылар археология әлеміне саяхат жасап, өз өлкесінің бай мұрасымен жақыннан танысты
Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді
қорғау» бөлімі киелі орындарымызды жас ұрпаққа таныстыруды жалғастыруда.
Бөлімнің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Қамбар М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 6В02311
– Филология: Қазақ филологиясы мамандығының студенттеріне арнайы дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттер:
Ортағасырлық сәулет өнерінің үлгісі – Қарақожа мешітінің тарихымен,
Оның салыну ерекшеліктерімен,
Халықтың рухани өміріндегі орнымен танысты.
Бұл шараның мақсаты – болашақ жас мамандарға туған жер тарихын терең таныстырып, мәдени-рухани
құндылықтарды дәріптеу. Осындай дәрістер арқылы жастарымыздың тарихи санасы жаңғырып, киелі
жерлерге деген құрметі арта түспек.


Осы мерекеге орай, өңір туризмінің дамуына сүбелі үлес қосып, өз ісіне адалдықпен қарап, мәдени
мұраларды насихаттауда белсенділік танытып жүрген “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік
тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымына ерекше құрмет көрсетілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы мен
Тараз Туризм туристік ақпараттық орталығы саладағы абыройлы еңбегі мен өлшеусіз үлесі үшін музей-қорық
қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, арнайы мерекелік марапаттармен марапаттады.
Бұл – туризм саласындағы кәсіби шеберлік пен тарихи мұраға деген жанашырлықтың бағалануы ғана
емес, сонымен бірге өңір мәдениетінің болашағына деген сенімнің айқын белгісі. Туристерге тарихтың тереңін
танытып жүрген барша экскурсоводтарды мерекемен құттықтаймыз!


01 Окт 2025
129