Қостөбе қалашығы, VI-XII ғасырлар
Қостөбе қалашығы Сарыкемер ауылынан шығысырақта, жайылмадан жоғары қолайлы ашық алаңда орналасқан. Қалашық VІ ғ. Түркістанға қоныс аударған бұхар соғдыларымен негізі қаланған және Жамукат (Хамукат) қаласына сәйкес келеді. Жамукат туралы түсініктемелер Х ғ.географы әл-Макдисиде, сондай-ақ Нершахидің «Тарих-и-Бұхарасында» кездеседі.
Қалашықты 1938 жылы ММЗИ САЭ және КСРО Ғылым академиясы мен бірге А.Н.Бернштам зерттеген. Шурф қойылып, қалашықты VІ-ХІІ ғғ. жатқызуға мүмкіндік берген қыштар, ақшалар алынған. Қалашықтағы археологиялық қазба жұмыстары Қаз КСР ҒА АЭЗИ АЭТ-мен басталып, 1986-87 жж. Қаз КСР ҒА АЭЗИ тарихи мәдени ескерткіштер Жиынтығының археологиялық экспедициясымен К.М.Байпақов жалғастырылған. 2000 ж. археологиялық ескерткішті ОҚӨАЭ-мен т.ғ.д, археолог, академик К.М.Байпақов жетекшілігімен зерттелген.
1985-87 жж. археологиялық жұмыстар барысында ескерткіштің топографиясы туралы деректер алынған, сондай-ақ қала қабырғасының орталық қираған орындары қазіргі уақытта бұзылған ұзын қабырғалармен қоршалған және ауылшаруашылық аймағы қабырғаға жанасып салынған деген болжамдар да бар. Археологтардың айтуы бойынша - Қостөбе қалашығы Талас алқабындағы қалалар арасында ең ірі қалалардың бірі екендігі мәлім болды. Оның топографиясы бекініс қабырғасының солтүстігінде орналасқан жеке тұрған күмбез тәріздес дөңес (от шіркеуі болуы мүмкін) пен бекіністік қабырғаның солтүстікке қарай некропольдар Суяб пен Навакет қалаларының қалдықтарымен сәйкес келетін Шу алқабының Ақбешім мен Қызылсу қалаларының топографиясына жақын.
Қостөбе қалашығының орталық қираған орындары мұнаралы қабырғалардың периметрі бойынша өзара аралық орлардан және ішкі қабырғалар арасындағы олардан (шахристан 2) тұрғызылған тікбұрышты үшбұрышасты пішіндегі үстіртеу жерде (420х450 м) тұр. Қабырғаның биіктігі 3,5 метрге дейінгі мұнаралардың адырлануымен 3 м биіктікте сақталған. Қалашықтың ішкі жағына төрт қақпа алып барады, олардан қабырғалардағы үзілулер сақталған.
Бекіністің солтүстік қабырғасындағы білікте үшбұрыш асты пішіндегі адыр бар. Оның солтүстік-батыс бөлігі қалашықтың солтүстік қақпаларынан шығатын солтүстік-шығыс жолымен бөлінген. Онда жекеленген күмбез тәріздес адырланулар (некрополь 2) орналасқан.
Жекеленген адырланулар – мүмкін, бау-бақша қалдықтары Талас өзенінің оң жағалауынан қазіргі заманғы Байзақ ауданында ұласады және де Талас өзенінің сағасындағы елді мекендер мен қалаларды Ұлы Жібек жолының бойында болған Төменгі Барысхан (Төрткүл қалашығы) қалашығымен байланыстырған ежелгі керуен жолдарының бойына бағытталса керек.
Қазба жұмыстары Қостөбе мен оның некропольіндегі ішкібекіністерге жүргізілді. Қостөбе қалашығының ішкібекінісі- үстінде (60х60м) алаңқайы бар төртбұрыш үлгісіндегі дөңес. Жүргізілген қазба жұмыстары бірнеше жекеленген кезеңнің құрылыстарын анықтады. Олардың бірі –Қостөбе сарайы. Оның құрылысы 2 кезеңде: VI- VIII ғғ., VIII- X ғғ. жүргізілді. Сарай қабырғаларының көпшілік бөлігі күйдірілген кірпіштен -пахсалы блоктармен қаланған. «Дарбаза» түріндегі ірі ғимараттар үстіндегі, шағын бөлмелер үстіндегі жабындылар – арқалықтан жасалған. Құрылыстың екінші кезеңінде солтүстік бекініс. Қабырғасы салынды, ал ескі қабырғадан тұрғын және шаруашылық бөлмелер тұрғызылды. Барлығы 20 тікбұрышты бөлмелер тазартылды.
Сарайдың интерьері тұтас алғанда кескіш істікті сылақтың қалың қабаты бойынша, алебастрдан жасалған сәулет тетіктерімен, қолтаңбалармен безендірілген Некрополь 2-дегі жүргізілген зерттеулер жерлеулердің көпшілігі шикі кірпіштен тұрғызылған тікбұрышты және квадрат пішіндегі қабірлеу құрылыстары – наустарда жүргізілді. Наустардан сақиналы тұтқасы бар қыш сапты аяқтың, қара өрікті және қара өріксіз құмыралардың сынықтары, күміс және қола сырғылар, сақинаға ұқсас сырғалар, моншақтар тізілген сақина түріндегі сырғалар және де т.б. бұйымдар табылды.
Қостөбе некропольін VI- VIII ғғ., жататын Пендикент, Бөріжар қорымының, Шагидің, Қызылсудың наустарымен қатар қойғанда көптеген ұқсастықтар байқалады. Дәл осы кезеңге жоғарыда айтылған ескерткіштерге ұқсастықтары бар қыштардың, сырғалардың – олжа кешендері де кіреді. Сонымен, тауыстың немесе қораздың суреті бар белгі қимақтармен аттас Ертістегі көшпенділердің жерленулерінен табылған дәл осындай белгіге ұқсас. Қимақтар Ертіс маңынан Батысқа қарай VIII ғ. екінші жартысында ғана жылжи алғандығы белгілі. Бұл көшпенділердің әшекейлерінің, сондай-ақ қала некропольдерінде аттарды жерлеудің пайда бола бастағандығын көрсетеді.