Өрнек қалашығы, VIII-XII ғасырлар
Өрнек қалашығы Өрнек ауылының оңтүстігінде 7,7 км қашықтықта, Алтынсу өзенінің жағалауында, Сұлутөр шатқалында орналасқан. 2011 жылы ескерткіштер Жинағы экспедициясы С.Пəрменқұл, Ш.Құдабаев зерттеп, құралмен жоспарын түсіріп, координаттарын алған. Ескерткішті 1985–86 жж. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі жайының экспедициясы мен Ш.Ш.Уəлиханов атындағы ТАЭИ-ның тарихи жəне мəдени ескерткіштер жинағы археология экспедициясы К.М. Байпақовтың жетекшілігімен зерттеген. 1992-93 жж. қалада ОҚКАЭ-ның, К.М. Байпақов отряды жұмыс жасады.
Қазба жұмыстары барысында төртбұрыш алаңға ұқсас бағдарлы бұрыштары төрт жаққа бағытталған қаланың орталық бөлігі табылды.Қоршап тұрған дуалының қырымен есептегенде оның өлшемдері –155×160 м. Дуалдың сақталған биіктігі– 5 м, eні 11–15 м. Қабырғаның бұрыштары: солтүстік-шығыс жағында олардың саны 7 (бұрыштағыларын қоса санағанда), солтүстік-батысында – 6, оңтүстік-шығысында –9, оң түстік-батысында – 9. Төрт жағының əркайсысында дуалдың жырығы тəріздес қалаға кipeтiн жер байқалады. Қақпалары қаланың ортасында түйісетін жолдармен біріккен. Қаланың солтүстік-батыс қабырғасының түбінде жəне оңтүстік бұрышында сопақша келген төбешіктер байқалады. Тікбұрышты жайпақ төбе солтүстік-шығыс қабырғаға жаңасқан. Қаланың ортасында, солтүстік-батыс қабырғасына жақын жерде, су жиналатын хауздардың бip-бipiмен жалғастырылған, жобасында дөңгелек үш шұңқыры орналасқан.
Археологиялық қазба жұмыстары барысында мешіттің орны табылған. Мешіт X-XII ғғ. мерзімделінеді. Мешіттің жанында жолға қарама-қарсы жағында қазбалар кезінде тұрғын үй қалдықтары ашылғaн. Оның қабырғаларының іргелері тастан қыш ерітіндісінде қаланған. Үй жобасы тікбұрышты, бip бөлмелі. Қабырғаларының сыртқы жиегі бойынша үйдің өлшемдері 8×7 м. Қабырғаларының қалындығы 0,8×0,9 м, сақталған биіктігі 0,5 м. Үйінің жалғыз бөлмесінің жобасы Г тəріздес жалпы ауданы 20,5 шаршы метр және де көптеген керамикалық ыдыстар табылды. Керамика X–XIII ғасырлардың басшенімен мерзімделеді. Шыныдан жасалған бұйымдардың сынықтары да табылған.
Қазба жұмыстарының барысында eкi əртүрлі кезеңдердегі құрылыстар табылған. Олардың үстіңгісі – бip бөлігі жылғамен бұзылған мазардың қалдықтары. Мазар жарыққа қарай бағытталған, шаршы тəрізді пішінге ие. Мазар сазкірпіштің лақаттарынан салынған ұжымдық қабірлеу үшін пайдаланылған.Қазба жұмыстарының стратиграфиясын зерттеу барысында мазар мен қабірлеу төменіректеу салынған және қыш жасайтын шеберхананы қиратқандығы анықталды. Оның қалдықтары күймей қалған қыш сынықтарынан байқалады. Шеберханаға жүргізілген қазба жұмыстарының нəтижесінде хұм, қазан, құмыра, сапты аяқтар және қыштан жасалған бұйымдардың қалдықтары табылды.
Өрнек қаласының топографиясын зерттеу жəне ондағы жүргізілген қазба жұмыстары отырықшылық пен қолөнер орталығы болғандығы жайлы түciнік бepeдi. Сонымен қатар мықты бекіністердің, мешіттің, бай мазардың болуы, бұл қоныстың қала қалдығы екендігін дəлелдейді. Арабтың тарихшылары Ибн Хордадбек пен Құдама құрастырған жол бағдарламалары бойынша, Тараз, Төменгі Барысхан жəне олардыңаралықтарында Құлан, Касрибас, Құлшуб жəне Жұлшуб орналасқаны жайлы анық жазады.
Өрнек, Қасрибас сияқты қарлұқ федалдарының қарауындағы Құлшұбқа сəйкес келетін қала болған. Археологиялық қазба жұмыстарынан алынған материалдар, Өрнек қалашығы көшпенді халықтың көктемгі және күзгі жайылымдарында тұрақты қоныс аумағында пайда болуы туралы болжам жасауға мүмкіндік береді. Мұнда көшпенді халықтың бip бөлігі қоршалған жерлерде бидай егуі әбден мүмкін. Ұлы Жібек жолымен жүріп өткен халықаралық саудақаланың қалыптасуында маңызды рөл атқарған. Өрнек сияқты ескерткіштерді зерттеу көшпелілердің отырықшылыққа ауысу процестерін жəне оларда қала орталықтарының пайда бола бастағанын анықтауға мүмкіндік береді.