«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Тарихи-мәдени мұра / Тарихи ескерткіштер / Монументалдық ескерткіштер / Жамбыл Жабаевтың ескерткіші, мүсіншісі Х. Наурызбаев, сәулетшісі В.В. Сашенко, 1961 жыл

Жамбыл Жабаевтың ескерткіші, мүсіншісі Х. Наурызбаев, сәулетшісі В.В. Сашенко, 1961 жыл

Ескерткіш 1961 жылы қазақтың көрнекті ақыны Ж.Жабаевтың құрметіне Жамбыл атындағы алаңға орнатылған. Авторлары: сәулетші – В.Сошенко, мүсіншісі – Қаз ССР халық суретшісі Х.Наурызбаев. Ескерткіштің мүсіні Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербор) қаласында құйылған. 2018-2019 жылдары ескерткішке Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағы» базасында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарынан кейін ескерткіш Жамбыл облысы әкімдігінің  ғимараты алдына ҚР Үкіметінің жарлығымен 08.11.2019 жылы №841 бұйрығына сәйкес қойылды.

Ж.Жабаев ескерткіші тұғырдағы бойымен тұрған қола мүсін сәтті жасалған. Жамбыл Жабаев кең қазақ шапанымен, аң терісінен жасалған тымақпен, сол қолында домбыра ұстатылып бейнеленген. Мүсін биіктігі - 4 м, тұғыры – 4,3 м. 

Жамбыл 28 ақпан 1846 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Жамбыл Жабаев қазақтың халық ақыны, айтыс өнерінің майталман шебері, бірқатар патриоттық өлеңдер мен батырлар туралы поэмалардың авторы. Ж.Жабаевтың қоршауда қалған Ленинградты қорғаушыларға арналған «Ленинградтық өрендерім менің» өлеңі соғыс жылдарындағы көп ұлтты кеңес әдебиетіндегі тамаша шығармалардың бірі болды.

1934 жылғы Республикадағы ақындар айтысының лауреаты, 1941 жылғы СССР мемлекеттік сыйлығының иегері, Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен наградталған.

Тараз қаласы 1938 жылдан 1997 жылға дейін  Жамбыл  Жабаевтың есімімен аталды.