Нәметбай мешіті, сәулетшісі, 1887-1897 жылдар
Мешіт Тараз қаласындағы Ташкент-Байзақ батыр көшелерiнiң қиылысында орналасқан. 1897 ж. Нәметбай мешітінің ғимарат аумағында кең ауласы, медресе ретінде қолданылған қосымша бөлмелері, үлкен жер телімі, дәретханасы бар кешенге айналған. Мешіт, мешіт ғимаратын өз қаражатына салдырған Наметбайдың есімімен аталады. Көп жылдар қаладағы үлкен діни-рухани орталық қызметін атқарған. Шамамен, өткен ғасырдың 30-жылдары мемлекеттік меншік ретінде шаруашылық қоймасы тағы да басқа да қажеттіліктерге пайдаланылып келген. Өткен ғасырдың 90-жылдары мұсылман жамағатына қайтарылып және қайтадан жөнделіп Тараз қаласындағы забия-мешіті қызметін атқарып келеді.
Бір қабатты, қабырғасы қаңқасабан салынған бұл жай 1887 жылы салынған, бір кеңістікті құрылыс түріне жатады. Тік бұрышты, ұзынша жай намаз оқу залы мен кең айваннан тұрады, бөлме биіктігі 5 м. Жабылуы тегіс, төсеме шатырлы. Іргелері балшықпен сыланған, өрнексіз. Айванның үстіңгі ернеуі бір қатарлы мүсінді кронштейндермен өрнектелген. Ішкі жағының өрнекті іргелері назар аударады. Төбесі – дәстүрлі ағаштан бөрене түрінде салынған. Жоғарғы жағы сүйірленіп бітетін қырлы бағаналары бар. Бөрене қыр жақтауларының формасы күрделі, айван ортасына қарай коллоналар етегі жұмыр болып келеді. Қабырғаларының, коллоналар мен намаз бөлмесінің өрнек айшықтары негізінен көк, қызыл және жасыл түсті.
Мешіттің бас кіре берісі Ташкент көшесі жағында, 1995 жылы жаңа қақпалармен оқшауланған силикат кірпіштен салынған арқалы өткелі бар, екі қапталы тұтас қабырғамен қоршаулы. Медре-сенің ескі үйі қайта жасалған, аула жақтауы терразитті сылақпен мрамор сынықтарын жапсыра отырып қаптаған.
Мешіттің тозған үйі-архитектуралық тұрғыдан нағыз құнды мұра. Тік бұрышты, ұзынша жай намаз оқу залы мен кең айваннан тұрады. Айванның үстіңгі ернеуі бір қатарлы мүсінді кронштейндермен өрнектелген. Ішкі жағының өрнекті іргелері назар аудартады. Төбесі – дәстүрлі ағаштан бөрене түрінде салынған. Жоғарғы жағы сүйіріліп бітетін қырлы бағаналары бар. Бөрене қыр жақтауларының формасы күрделі, айван ортасына қарай коллоналар етегі жұмыр болып келеді. Қабырғаларының, коллонналар мен намаз бөлмесінің өрнек айшықтары негізінен көк, қызыл және жасыл түсті. Әсіресе айван төбесі өрнегі ерекше, мұндағы бөрене асты бөліктері өсімдік өрнектерімен ерекшеленеді, аспан көк түс басым, қызыл түс тек өрнек пен белдеу периметрі бойына жағылған.
Мешіт 1980 жылдары, 2001 жылдары зерттелген, бірақ ғылыми әдебиетте жарияланбаған.
Мешіттің ауласына қайта жаңғыру жұмыстары 2019 жылы жасалды.