«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Тарихи-мәдени мұра / Тарихи ескерткіштер / Археологиялық ескерткіштер / Берікқара қорымы, б.з.д. ІІ ғасыры - б.з. IV ғасыры.

Берікқара қорымы, б.з.д. ІІ ғасыры - б.з. IV ғасыры.

Берікқара қорымы ауылдың оңтүстік шетіне орналасып, оңтүстік жəне оңтүстік-батысқа қарай Берікқара шатқалының сағасына дейін 3,5 км созылып жатыр. Қорым Қаратау (Жуалы ауданы) жотасының солтүстік бөктеріндегі жазықта, Берікқара өзе-нінің қос жағалауында орналасқан. Обалар шат-қалдан бастап Билікөл көлінің жағалауына дейін орналасқан.

Қорымды 1938-1939 жылдары археологиялық экспедициясымен А.Н. Бернштамның жетекші-лігімен табылып, тіркеуге алынған. 1957 жылы  Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы А.Г. Максимова, 1978 жылы – Жамбыл облысының тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы, 2000 жылы К.М. Байпақов, Д.А. Лобас жетекшіліктерімен зерттелді. 2013 жылы «Археологиялық сараптама» ЖШС Ескерткіштер жинағы экспедициясы өз зерттеулерін жүргізді.

Топографиялық түсірі-лімдер нəтижесінде Берікқара өзенінің қос жағалауынан барлығы 411 оба тіркеуге алынды, оның ішінде зерттеушілердің осы уақытқа дейін толық немесе жартылай қазба жұмыстарын жүргізіп кеткен обалары да бар. Олардың 360 Берікқара өзенінің оң жағалауынан, қалған 51 сол жағалауынан табылды. Қорымның орталық бөлігінде «патша» обалары шоғырланған. Ірі обалардағы тас үйінділердің көлемі 50-53 м, биіктігі 6-7 метрге дейін жетеді.

Обалардың үйінділері құрылымы жағынан əртүрлі, атап айтсақ, толығымен тасты, тас аралас топырақты жəне айналдыра таспен қоршалған топырақты үйінділер кездеседі. Кей обалардың айналасы орақ тəрізді етіп қаланған тастармен қоршалған. Бірнеше ірі обалардың беті ақ кварцпен жабылған. Қорымның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан ірі обады айналдыра 6 қатар етіп тігінен қазылып орнатылған шаршы түріндегі тас қалау тіркелді. Тас қалаудың ішінен 3 бейіт тіркелді. Құрылыстың бір бөлігі Кеңес Одағы кезіндегі электр желілерін жүргізу жəне Құйық-Қаратау жолына дейінгі алқап жолын салу барысында бүлінген. Оба үйіндісі сұр түсті тақтатастың ұсақ бөліктерінен түзілген. Тонаудан қалған үйіндінің бетінде ақ кварцтың шығып кетуі қабірдің айналдыра ақ кварцпен қымталғанын болжауға мүмкіндік береді.

«Патша» обалардың барлық үйінділерінің ортасынан түскен диаметрі 15-20 м, тереңдігі 3-3,5 м. болатын ертеден қалған шұңқыр іздері бар. Шатқалдың ішінде орналасқан туристік  демалу орталығына апаратын автокөлік жолы осы қорымның аумағы арқылы өтеді.

Обаларға жүргізілген қазба жұмыстарының нəтижесінде қыш құмыра, алтын, қола жəне мыс сырғалар, салпыншақтар; аузынан құс шығып тұрған жолбарыстың басы түріндегі қола айырбас, темір пышақ, ердің тілімді сақиналары, қорамсақты ілуге арналған ілгек, жебенің екі жəне үшқалақты ұштары, қылыштың сабы сияқты ғылыми тұрғыдан құнды деп саналатын бұйымдар алынды. Бұл заттай деректер жəне оған қоса жерлеу рəсімімен байланысты материалдар ескерткішті б.з.д. II ғ.–б.з. V ғ. мерзімдеуге мүмкіндік береді.

2017 жылдың наурыз айында автомобиль жолдарын салу барысында Берікқара қорымындағы 6 қорымға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қазба жұмысын т.ғ.кандидаты, «Геоархеология» орталығының басшысы Ғ. Бексейітов жетекшілік жасады. Берікқара обаларынан Үйсін, Қаңлы дәуіріне жататын тарихи құнды жәдігерлер табылды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында қазылған апатты №1 обаның ішіндегі ауқымы үлкен (биіктігі 0,4метр, ал көлемі 17 метрді құрайды) қорымнан ақсүйек әйел адамның сүйегі табылды. Онымен қоса езілген екі қыш ыдыс,  қола айна, сол қолына тағылған күміс білезік және қолаң шашқа тағылатын қола түйрегіш табылды. Табылған құнды жәдігерлер реставрациядан өтіп Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қорына тапсырылды.