«Амал келді-жыл келді!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Амал ескі жылдың шығуы, наурыз жаңа жылдың кіруі деп есептеледі. Амал мерекесі имандылыққа, жақсылыққа негізделген мереке, ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын мереке.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігінің Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Амал келді-жыл келді!»атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Бауырмашылықты нығайтатын ерекше дәстүрлердің бірі «Амал мерекесін» жаңғырту мақсатында мәдени мұраларымызды насихаттап, еліміздің туризмін дамыту жолында серіктес болып келе жатқан «Жамбыл облыстық әкімдігінің туризм басқармасының» қызметкерлері аталған іс-шараға ат салысты.