«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Музейлердің ғылыми-қор жұмысының өзекті мәселелері

Музейлердің ғылыми-қор жұмысының өзекті мәселелері

ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» онлайн форматта өткізілген «Музейлердің ғылыми-қор жұмысының өзекті мәселелері» атты республикалық онлайн оқыту семинарына қатысты.

«Қор жұмысы және жәдігерлерді сақтау» тақырыбында музей-қорығының бас қор сақтаушысы Оспанова Әлия баяндама жасады.Жалпы семинардың мақсаты: музей коллекцияларын есепке алу және сақтау, экспонаттарды қалпына келтіру технологиясы, есепке алу және сақтау жұмыстары саласының заманауи әдістемелермен таныстыру бойынша музей қызметкерлерінің әлеуетін арттыру болды.

Аталған жиын барысында Қазақстан Республикасының республикалық және облыстық музейлерінің қор сақтаушы қызметкерлерінің арасында қор жұмысының мәселелері мен оларды шешу жолдары бойынша тәжірибе алмасу мен сындарлы диалог өтті.