«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Экскурсовод мамандығының ерекшеліктерімен бөлісті

Экскурсовод мамандығының ерекшеліктерімен бөлісті

"JAMBYL TV" телеарнасының "Қайырлы таң, Жамбыл" атты таңғы бағдарламасында "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері тікелей эфирде сұхбат беруді жалғастыруда. Бүгінгі эфирде Тасыбаева Бағым экскурсовод мамандығының ерекшеліктерімен бөлісті, өйткені музей қауымдастығы Халықаралық экскурсовод күнін 21 ақпанда атап өткен болатын. Ол осы мамандыққа деген көзқарасымен, оның артықшылықтарымен, әртүрлі азаматтармен жұмыс  істеу мүмкіндігімен бөлісті. Сонымен қатар экскурсовод қандай дағдылар мен білімге ие болуы керек екендігі туралы қысқаша сипаттама берді: ол сауатты сөйлеу, жақсы дикция, әдептілік, адамдардың назарын аудару, оларды қызықты ақпаратпен баурап алу қабілетіне ие болуы керек екендігін айтып берді. Жақсы экскурсовод тарих, мәдениет және өнер туралы білімдерін үнемі толықтырады, ал егер ол шетелдік туристермен жұмыс істесе, шет тілдерін жетілдіреді.