Келешектің тұтқасы-білімді ұрпақта
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «2022-Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Келешектің тұтқасы-білімді ұрпақта» атты археологиялық жылжымалы көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шара Байзақ ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту" бөлімінің басшысы С.Сыздыковтың құттықтау сөздерімен бастау алды.
Байзақ ауданының орта мектеп білім алушыларына музейдің этнографиялық бөлімінде арнайы аңыз-әңгімелер топтастырылған «Киелі Әулиеата жерінің аңыздары» атты жинағы оқушыларға музей-қорығының ғылыми қызметкері Л.Тілепалдиева баяндады.Сонымен қатар экскурсавод Б.Тасыбаева археологиялық көрмедегі көне Тараз шаһарынан табылған бірегей жәдігерлердің тарихымен таныстырды.
Келесі кезекте екі музей арасында тәжірибе алмасу, тарихи-мәдени мұраны насихаттау, әдістемелік көмек алу, білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнату және мәдени мұрамызды насихаттау әрі сақтау жолында әріптестерімізбен қоян-қолтық жұмыс жасау жоспарлануда.