Экскурсия жүргізді
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық қызметкерлері онлайн форматта «Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми кітапханасына» арнайы экскурсия жүргізді. Экскурсия бағыты Жамбыл жерінің жауһарларына сән беріп тұрған Қарахан және Дәуітбек кесенелерімен басталып, Әулие-Ата мешіті арқылы өтті. Сондай-ақ, оларға Ұлы Жібек жолындағы қаланың ортағасырлық өркендеу кезеңіне жататын ежелгі Тараз қаласының орталық бөлігінен табылған бірегей артефактілерді көруге мүмкіндік алып, жүргізілген археологиялық қазбалар туралы мазмұнды ақпаратты тыңдап, "Көне Тараз"археологиялық саябағы үлгісінде Ежелгі Тараз қаласының тарихымен танысты.