Жәдігерлерді қалпына келтіруші сұхбат берді
Бүгін ҒМ 108 толқынындағы апталық радиохабарға ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жәдігерлерді қалпына келтіруші қызметкері Тазан Бауыржан сұхбат берді.
Ол радиохабарда реставратор болу дегеніміз - уақытпен санаса отырып, тарихымыздан сыр шертетін жауһарларымызды қайта жаңғыртып,екінші өмір сыйлау үшін орасан зор шыдамдылық, төзімділік керек екенін атап өтті.Радио тыңдаушыларымен экспонаттарға қайта қалпына келтіру үшін қандай әдістерді қолдану керек екендігі туралы ақпаратпен бөлісті. Музей-қорығында артефактілерді сақтау бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде,оның қорлары қалай толықтырылуда және музей экспозицияларында орын алу үшін не істеу керек, қалпына келтіруші өз жұмысында қандай әдістерді қолданатынын радио эфир барысында айтты.
Айта кету керек, мұндай радиоэфирге музей-қорық қызметкерлері апта сайын қатысады және "Тараз-ғасырлар куәсі" радиорубрикасы радио тыңдаушыларға өте ұнады.