«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Ұрпақтар сабақтастығы

Ұрпақтар сабақтастығы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері №3 мектеп-лицейінде жылжымалы көрме ұйымдастырды. Жылжымалы көрмеде Көне Тараз қалашығынан табылған орта ғасырлық тарихи-мәдени жәдігерлер білім- алушылардың назарларына ұсынылды. Көненің көзі болып, көкірегі ояу ұрпағына жеткен жәдігерлерді тамашалаған жас жеткіншектер мәдени мұраларымызға қызығушылықтарын білдірді.

Өз кезегінде мектеп тарапынан ұйымдастырылған іс-шараға, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,композитор Әбиірбек Тінәлі Берденұлы арнайы шақырылды. Автордың желтоқсан оқиғасына арналған "Желтоқсан желі" атты туындысын өз орындауында естігенде өң бойымыз шымырлап, бойымызды патриоттық сезім кернеп көңіл толқытты.Әбиірбек атамыз өлеңнің шығу тарихы , дүмпуі алыс құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғалардың бірі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы баяндап,желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын , елдік пен ерліктін мұратын танытқан көтеріліс болғандығын айта отырып, қаншама құрбандықпен қол жеткен Тәуелсіздігімізді құрметтеуге, елінің патриоты болуға, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақырды.

Іс-шара соңында мектеп-лицей директоры З.Абдирасилова музей-қорық қызметкерлеріне өскелең ұрпақ арасында тарихи-мәдени мұраны насихаттағаны үшін алғыс айтып ,ұжымға «Алғыс хат» табыстап, жаңа жетістіктер тіледі!