№40 мектеп-гимназиясында жылжымалы көрме ұйымдастырылды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері №40 мектеп-гимназиясында жылжымалы көрме ұйымдастырды. Жылжымалы көрмеде Көне Тараз қалашығынан табылған орта ғасырлық тарихи-мәдени жәдігерлер білім-алушылардың назарларына ұсынылды. Тараздың асты сырлы тарихқа тұнып тұр. Тарихымыздың терең қойнауына үңілетін болсақ, қасиетті Тараз өңірі тағы да өзінің қатпар-қатпар қойнауынан бізге белгісіз талай тарихтың сырын ашары ақиқат. Көненің көзі болып, көкірегі ояу ұрпағына жеткен жәдігерлерді тамашалаған жас жеткіншектер мәдени мұраларымызға қызығушылықтарын білдірді.





04 Желтоқсан 2021
1959
16 Қараша 2019