«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Диплом және Сертификат берілді

Диплом және Сертификат берілді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" музей-қорығының қызметкерлері Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының "Тараз-Туризм" Туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған "Тараз-өткен мен болашақтың түйіскен қаласы" атты квест – ойынына қатысты. Жас қызметкерлер квест-ойын барысында өлкенің тарихы туралы білімдерін, жүйрік ақылын,шапшандығын және үздік топтық жұмыс істей білуін көрсетті. Музей-қорығының "Самұрық" командасы екінші орынға ие болып, Диплом мен Сертификатпен марапатталды!

Музей ұжымы әріптестерін құттықтай отырып, болашақта жаңа биік белестерды бағындыруды тілейді!!!