«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Жылжымалы көрме ұйымдастырды

Жылжымалы көрме ұйымдастырды

«Ұлы Дала елі Тәуелсіздіктің 30 негізі» акция аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері "Нұр Әлім" мектеп-гимназиясында жылжымалы көрме ұйымдастырды. Жылжымалы көрмеде Көне Тараз қалашығынан табылған орта ғасырлық тарихи-мәдени жәдігерлер білім- алушылардың назарларына ұсынылды. Сан ғасырлар тарихтың құпиясын бойына жиып жатқан Тараз қаласы – өткен мен бүгінгі күннің арасын жалғастырушы, тарихтың даму барысында өзіндік ерекшілігі бар көне қалалардың бірі екені мәлім. Көненің көзі болып, көкірегі ояу ұрпағына жеткен экспонаттарды тамашалаған  жас жеткіншетер мәдени мұраларымызға қызығушылықтарын білдірді. Тараздың асты сырлы тарихқа тұнып тұр. Тарихымыздың терең қойнауына үңілетін болсақ, қасиетті Тараз өңірі тағы да өзінің қатпар-қатпар қойнауынан бізге белгісіз талай тарихтың сырын ашары ақиқат.