Мектеп оқушыларына арналған экскурсия өткізілді
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еліміздің ұлттық дәстүрі мен ұлттық мәдениетін дамытуға арналған «Ұлы Дала елі Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты акциясы аясында №46 орта-мектебінің оқушылары мен ұстаздары «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты ортағасырлық қазыналы құпияны қойнауына жасырған жұмбак мекен, «Ақыртас» археологиялық-сәулет кешенін тамашалауға келді. Оқушылар ата-бабаларымыздың көне дәуірдегі мәдениетінің озық үлгісі болған өңіріміздегі әлемдік мәдениетке бергісіз тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің бірі-Ақыртас кешенінің тарихы, аңыз-әңгімелері ғана айтылып қоймай, Ботай қонысымен танысуға мүмкіндік беретін, жылжымалы көрмені тамашалады. Экскурсия соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары алған әсерлерін таңданыспен жеткізе отырып, музей ұжымына алғыс білдірді.