«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Тарихи-мәдени нысандарды кеңінен насихаттау жұмыстары жалғасуда

Тарихи-мәдени нысандарды кеңінен насихаттау жұмыстары жалғасуда

Каникул уақытында "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері музейге қарасты тарихи-мәдени нысандарды кеңінен насихаттау жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта тарихи ескерткіштерге тек қалалық орта мектептердің ғана емес, аудан мектептерінің де оқушылары қызығушылықпен келуде. Осы мектептердің қатарында Назарбаев Зияткерлік мектебі, Нұрмағамбетов атындағы №10 мектебі, Қордай ауданының №30 орта-мектебі, Жуалы ауданының №12 орта-мектебі, Жамбыл ауданының №6 орта-мектебі және Түркістан облысының Атбұлақ ауылының орта-мектебі бар.