«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Колледж білімгерлері іс-тәжірибеден өтуде

Колледж білімгерлері іс-тәжірибеден өтуде

Жыл сайын ЖОО мен колледж студенттері «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің объектілерінде музейлік іс-тәжірибеден өтеді. Ал қазіргі таңда «Жамбыл политехникалық колледжінің», «Туризм» мамандығының 4-курс білімгерлері ҚР қорық-музейіне қарасты «Әулие ата» мешітінде іс-тәжірибеден өтуде. Музей қызметкерлері білімгерлерге Караханидтер әулетінің көрнекті тұлғаларының бірі Шах Махмуд Қараханның құрметіне және мешітті салдырушы Жүнісбайдың құрметіне аталған «Әулие ата – Жүнісбай мешіті» туралы барша мәліметтермен бөлісті.