Экскурсия өткізілді
29 қазанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірбие» атты республикалық семинарының қатысушыларына Республикалық «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейіне қарасты нысандар назарларына ұсынылды. Экскурсия барысында музей қызметкерлері тарихы тереңнен тамыр тартатын Әулиеата өңірінде орналасқан "Айша бибі", "Қарахан", "Тектұрмас" кесенелерінің тарихы, құрылысы туралы баяндап, сонау ғасырлар қойнауынан келе жатқан аңыз-әңгімелері айтылды.