«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Тікелей эфирде сұхбат берілді

Тікелей эфирде сұхбат берілді

Бүгін "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Бықыбаев Нұрлан Дүйсеналіұлы бастаған музей қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еліміздің ұлттық дәстүрі мен ұлттық мәдениетін дамытуға арналған «Ұлы Дала елі Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты акциясы аясында "JAMBYL TV" телеарнасының "Қайырлы таң, Жамбыл" атты таңғы бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат барысында  Тараз қаласының тарихы мен  қорық-музейге қарасты 30 нысанның тарихы, археологиялық қазба жұмыстары, қорықтың қарамағындағы тарихи-мәдени объектілерді сақтау жөніндегі жұмыстар, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс шаралар, қорық-музейінің атқарып жатқан жұмыстары, сонымен қатар  алдағы уақытта жоспарланған және т.б жұмыстар туралы айтылды.

Ссылка: https://fb.watch/8UUsrXZZwN/