Университет студенттері үшін экскурсия өткізілді
«Ежелгі Тараз ескерткіштері»мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени мұраларымызды таныстыру мақсатында «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің» шетелдік студенттеріне экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында студенттер алдымен ежелгі қала тарихымен және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бірегей құнды экспонаттарды тамашалап,"Көне Тараз" археологиялық паркімен танысты. Студенттерге Тараз қаласының орталығында орналасқан мәдени мұра объектілерімен, Әулие ата атанған «Қарахан», «Дәуітбек Шамансұр» кесенелерімен танысу ұсынылды. Келесі экскурсия «Қазақ хандығы» монументінің тарихымен жалғасып, ортағасырдың інжу-маржаны «Айша бибі», «Бабаджа Хатун» кесенелерінің құрылу тарихы туралы халық аңыздарын баяндалды. Шетелдік студенттерін көргендері қатты таң қалдырды, олар Жамбыл облысының басқа да ескерткіштерін көруге асығыс екендерін айтып, алғыстарын білдірді.