Экскурсия өткізілді
ҚР Төтенше жағдайлар министірлігінің «Қазселденқорғау» ММ-нің қазан айының 13 жұлдызынан басталған, жоспарлы түрде кеңейтілген мәжіліс өткізді. Осыған байланысты, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері мекемеге қарасты нысандармен таныстыру мақсатында экскурсия жүргізді. Экскурсия «Қазақ хандығы» монументінің тарихымен басталып, шаһардың шырайын кірігізіп, ажарын ашып тұрған ортағасырдың інжу-маржаны «Айша бибі», «Бабаджа Хатун» кесенелерінің құрылу тарихы туралы халық аңыздарын баяндаумен жалғасты. Қонақтарға Тараз қаласының орталығында орналасқан ,Әулие ата атанған «Қарахан», «Дәуітбек Шамансұр» кесенелері аумағындағы мәдени мұра объектілерімен танысуды жалғастыру ұсынылды. Экскурсия барысында ежелгі Тараздың тарихы туралы қызықты және мазмұнды мәліметтерді тындаған мәжіліс қатысушылары қорық-музейінің қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.