«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Музей сабағы өткізілді

Музей сабағы өткізілді

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері «Көне Тараз» археологиялық паркінде Бауыржан Момышұлы атындағы №45 мектеп- гимназиясына музей сабағын өткізді. Музей қызметкерлері білім алушыларға тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттай отырып,ежелгі қала, үлкен руханият орталығы болған Тараз шаһарының тарихымен және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бірегей құнды экспонаттарды көрсетіп, сипаттамларына тоқталып, таныстырды. Экскурсия оқушылардың қызығушылығын тудырды, айтылған мәліметтерді сүйсіне тыңдай отырып, қызықтырған сұрақтарына музей қызметкерлерінен мазмұнды жауаптар алды.