Қорық-музейі радиоэфирде
Өлкеміздің тарихы мен тарихи мұраларын насихаттау мақсатында, Ұлы Жібек жолы бойында айрықша орыны бар, тарихы терең қалалардың көшін бастап тұрған Тараз жерінде орналасқан мәдени ескерткіштерімізбен, рухани құндылықтарымызды дәріптеп, жаңғыртуды жөн көрдік. Осыған орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері»мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері,әр аптада FM 108 радиосында қорық-музей қызметкерлері сұхбаттар беріп отырады.
Бүгінгі радиоэфир «Ұлы дала елі Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты акциясы аясында өтті. Қорық-музейінің ғылыми қызметкері Ибадильдаева.М радио тыңдаушыларына тыңдаушылармен туған даласының сұлулығын дәріптеген қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі туралы мәліметтермен бөлісті.