«Көшпелі халық мұрасы»
Венгрия мемлекетінен түсірілім тобы белгілі тарихшы, археолог Досымбаева Айман Медеубайкызымен бірге киелі Тараз шаһарына қазіргі жыл санауымыздан бұрынғы 36 жылы Тараз қаласының негізін қалаған ғұн шаньюі, Шөже өмірі туралы арнайы деректі фильм түсіруге келді. «Көшпелі халық мұрасы» атты деректі фильмінің алғашқы түсірілімі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты нысандардың бірі –«Көне Тараз» археологиялық саябағынан бастау алды. Ғұн шанньюйі Шөженің 500 рим легионерлерінің қолымен 2 жылда соғылған қала тарихы туралы музей қызметкерлері тың мәліметтерімен бөлісті. Шығыс елдерінде мәдениеті дамығандығының бір дәлелі болған монша-хамам құрылысы және қалашықтың төрт жағынан қорған болып тұрған төрт қақпа басты назарда болды.