«Жетістікке жетелеген-30 жыл» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды
«Ұлы дала елі Тәуелсіздіктің 30 негізі» акция аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері "Жетістікке жетелеген-30 жыл" атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрме барысында қаламыздың жергілікті тұрғындары мен қала қонақтарына өркениетінің бірі әрі бірегейі 2000 жылдық тарихымен Түркілік мәдениеттің символына айналған – қасиетті Тараз қаласының тарихымен және әр кезеңде басылған тиындар, мөр-таңбалар мен көптеген құнды тарихи жәдігерлер қазандар, табақтар, құмандар, шырақ сынықтары, құмыралар, тегенелер, қол диірмендер сияқты заттарының тарихымен таныстырылды. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құнды жәдігерлері біздің заманымызға жетіп отыр. Ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, насихаттау және дәріптеу жұмыстарын жүргізу басты мақсат болып табылады.