«Ұлы дала елі Тәуелсіздіктің 30 негізі» акциясы
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еліміздің ұлттық дәстүрі мен ұлттық мәдениетін дамытуға арналған «Ұлы дала елі Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты акциясын іске қосты.
Акцияның мақсаты: қорық-музейге қарасты республикалық және халықаралық маңызы бар нысандарды кеңінен танымал ету мақсатында түрлі форматтағы іс-шаралар, ғылыми конференциялар,үйірме сабақтары, шеберлік сағаттар, ғылыми-танымдық мақалалар, жылжымалы көрмелер өткізу және оның ішінде алыс жатқан ауыл-аймақтар,елді-мекендердегі білім ордаларына , мәдени орталықтарда онлайн экскурсия өткізіп отыру.