«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Халықаралық музыка күні

Халықаралық музыка күні

Музыка-жүрек тілі, ол-сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Жан дүниемізді өзге бір әлемге жетелеп, сезім пернелерін дәл басатын әсем әуендер ой-қиялымызға қанат бітіріп, көңіл сарайына нұрын төгеді.

Халықаралық музыка күні 1975 жылдан бері 1 қазанда атап өтіледі. Бұл елеулі іс-шара 1973 жылы ЮНЕСКО аясында Лозанна қаласында өткен Халықаралық Музыка Кеңесінің 15-Бас ассамблеясында қолдау тапқан.

Осыған орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі ұжымының атынан осынау айтулы күнмен қазақ музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан барша өнер майталмандарын және барша қазақ елін шын жүректен құттықтаймыз!