Кезекті вебинар өтті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері ЮНЕСКО Кластерлік бюросының ұйымдастыруымен "Covid-19-ға дейін және одан кейін туристік өнімді құрудағы жаһандық трендтер" тақырыбында өткен "Орталық Азиядағы Жібек жолының Дүниежүзілік мұрасы бойынша саяхат"атты кезекті онлайн-сабағына қатысты. Бұл вебинардың мақсаты аудиторияның әлемдік туризм индустриясында болып жатқан заманауи процестер туралы хабардарлығын арттыру және қатысушыларда әлемдік тенденциялар мен әлемдік туризмде қалыптасып жатқан қазіргі таңдағы жағдайындағы мүмкіндіктер туралы нақты түсінік қалыптастыру.