«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Тәуелсіздік тұғырым

Тәуелсіздік тұғырым

"Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойына орай қалалық Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектепте "Тәуелсіздік тұғырым" атты іс-шараға қатысты. Іс-шара аясында тарихи-мәдени мұрамызды өскелең ұрпаққа насихаттау және таңыстыру мақсатында "Рухани құндылықтарымыздың 30 жылдықтағы жетістіктері" атты тақырыбында музей қорынан жасақталған ерекше туындылардан жылжымалы көрме 300-ден астам білім алушыларға көрсетілді.

Сонымен қатар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы Даланың жеті қыры" атты қазақ халқының және қазақ даласының мәдениеті мен өркениетін тұтастай бейнелеген мақаласы біздің көрмеге арқау болды. Жәдігерлерді жақыннан көрген ұстаздар мен оқушылар өз таңғалыстарын жасыра алмай, бойларын мақтаныш кернеп, өздеріндегі ұлттық кодтарының оянғандығын айттып, бізді де бір қуантты. Музей - ұрпақтар сабақтасытығын байланыстырушы көпір іспеттес. Әрине біздің міндет бабаларымыздың мұрасын  аманат етіп жеткізу, сақтау болып табылады. Іс-шара соңында мектеп басшылығы біріге отырып, облыстың тарихи-мәдени құндылықтарын одан әрмен насихаттау жұмыстарын қоян-қолтық жұмыс жасауды ұсынды. Музей ұжымына алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.