Экскурсия өткізілді
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи-мәдени мұраларымызды Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығынан 30-ға жуық бүлдіршіндер жетекшілерімен бірге тамашалауға келді.
Балаларының шектеулі мүмкіндіктерін ескере отырып,экскурсия жүрізу барысында Қазақстанда ХІ ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші «Қарахан» кесенесінің тарихы, құрылысы, аңыз әңгімелері баяндалды. Сонымен қатар ортағасырдың інжу-маржаны атанған «Айша бибі» кесенесінің тарихымен де танысты. Балаларды Тараз қаласының ежелгі тарихы мен кесенелерге байланысты халық ертегілері мен аңыздары өте қатты қызықтырды.