Мектеп оқушыларына арналған өлкетану үйірмелерін өткізу жалғастыруда
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері қаланың орта мектеп оқушыларына арналған өлкетану үйірмелерін өткізуді жалғастыруда. Бүгін "Тараз-көпестер қаласы" музейлік сабақ "Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы" КММ-нің "Шұғыла"бейнелеу өнері студиясының оқушыларына ұйымдастырылды.
Балаларға «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябақтың мысалында ортағасырлық Тараз қаласының тарихымен таныстырды. Сабақ барысында балалар археологиялық парктің құрылу тарихымен танысты.Еске сала кетсек 2011 жылы басталған археологиялық қазба жұмыстары қаланың мыңжылдық тарихы барын дәлелтейтін құнды жәдігерлерлермен толыққан болатын. Соның ішінде VI-XII ғасырларға жататын шамамен 4 мыңдай артефакт және де мешіт, медресе, ортағасырлық монша, керуен сарайлар, көне Талас өзені сағасының жағасы, тұрғын үйлердің іргетастары табылды. Осындай тарихи құндылықтарды өз көздерімен тамашалаған оқушылар үлкен әсер ала отырып, көне қалашықтан табылған жәдігерлердің суретін салуға кірісті. Іс-шара соңында қатысушы балалар мен ұстаздар ыстық ықыластарын білдіре отырып, алғыстарын айтты.