«Дала мәдениетінің дарабозы»
Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы! Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді. Осыған орай Қазахстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тұспа-тұс келген Жамбыл Жабаевтің 175 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған көрменің кезегі №42 орта мектебіне түсті ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлерінің «Дала мәдениетінің дарабозы» атты жылжымалы көрмемен таныстыруының мақсаты оқушыларға Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығын үйрете отырып, Жамбыл шығармалары арқылы адамгершілікке, ұлтжандылық сезімін оятуға баулу арқылы өткен мен бүгін арасында байланыс ретінде ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Жылжымалы көрмеде ақынның өмірі мен шығармашылығынан тың мәліметтер айтылып, ақын өмірі туралы бейне материалдар көрсетілді.
Сонымен қатар қорық-музей қорынан археологиялық көрме білім алушылар назарына ұсынылды. Көрмені көрсету барысында тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттай отырып, археологиялық ежелгі жәдігерлерімізді музей қызметкерлері ғылыми сипаттамасымен таныстырып шықты.