Онлайн сессияның ашылу салтанатына қатысты
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Еуропалық Одақ пен ЮНЕСКО арасындағы серіктестік жобасы аясында «Ауғанстандағы, Орталық Азиядағы және Ирандағы Жібек жолы мұрасы дәліздері - Еуропалық мәдени мұра жылының халықаралық аспектілері» атты онлайн сессияның ашылу салтанатына қатысты. Онлайн оқыту бағдарламасы барысында «Жібек жолы» онлайн платформасын құрудың маңыздылығын және оқу бағдарламасының міндеттері түсіндірілді. "Орталық Азиядағы Жібек жолының Дүниежүзілік мұрасы бойынша саяхат" онлайн оқыту бағдарламасының негізгі мақсаты тұрақты туризмді және келушілерді басқаруды жақсарту үшін әлеуетті дамыту, сондай-ақ осы бірегей туристік бағыттар туралы ақпаратты әзірлеу болып табылады.