Жамбыл Жабаевқа 175 жыл
Поэзия əлеміндегі туған халқының мақтанышы, əлемдік деңгейдегі жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жылдығын, жыл басынан жырлап келе жатқанымыз хақ. Жамбыл бабамыз — есімі қазақ əдебиетінде алтын əріптермен қалған ғажайып құбылыс! Алып та биік, айдынды да айбынды жыр жампозы! Осыған орай ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи –мәдени қорық-музейінің қызметкерлері өткізген жаңа оқу жылындағы алғашқы көрмесі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің өзбек тілінде оқытылатын №4 орта мектебінде өтілді. Жылжымалы көрменің негізгі мақсаты қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы Жамбыл Жабаевтің 175 жылдығына байланысты білім -алушыларға даңқты ақынның шығармашылығын тереңінен таныстыра отырып, ұсыну болды.
Сонымен қатар көрмеде бүкіл қазаққа аты мəшһүр ұлы ақын Жамбыл атамыз дүниеге келген тау бөктерінде орналасқан Көне Тараз қалашығынан табылған орта ғасырлық тарихи-мәдени жәдігерлер білім- алушылардың назарларына ұсынылды. Сан ғасырлар тарихтың құпиясын бойына жиып жатқан Тараз қаласы – өткен мен бүгінгі күннің арасын жалғастырушы, тарихтың даму барысында өзіндік ерекшілігі бар көне қалалардың бірі екені мәлім. Көненің көзі болып, көкірегі ояу ұрпағына жеткен экспонаттарды тамашалаған жас жеткіншетер мәдени мұраларымызға қызығушылықтарын білдірді. Тараздың асты сырлы тарихқа тұнып тұр. Тарихымыздың терең қойнауына үңілетін болсақ, қасиетті Тараз өңірі тағы да өзінің қатпар-қатпар қойнауынан бізге белгісіз талай тарихтың сырын ашары ақиқат.