Жаңарту жұмыстары қолға алынды
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық - музейі РМҚК техникалық қызмет көрсету және пайдалану бөлімі ортағасырлық Тараз қалашығының рабат аумағында орналасқан діни-мемориалды Қарахан кешенінің аумағын абаттандыру және туристік тартымдылығын арттыру мақсатында, 2021 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланған жұмыстары жалғастыруда. Осы орайда кесенеге кіретін бас қақпаның аркасын жаңарту жұмыстары қолға алынды. Осылайша күннен күнге жанданып, өзгеріп келе жатқан Карахан кесенесі Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарының көз қуанышына айналатыны сөзсіз. Алдағы уақыттағы жасалынып жатқан жөндеу жұмыстарының жаңалықтарымен бөлісе отырамыз. Бізбен бірге болыңыздар.