«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Елдос Сметов «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінде қонақта болды

Елдос Сметов «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінде қонақта болды

Алтын тұғырға лайықты, қазақтың белгілі спортшысы әлем чемпионы

2000 жылдық тарихы бар киеліде қасиетті Тараз жерінде!

Дзюдо күресінің хас шебері – Елдос Сметов. Қазақстандық дзюдошы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. дзюдошы жалпы әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Ол 2015 жылы Астанада өткізілген әлем біріншілігінің чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, Азия біріншілігінің чемпионы атанды. Сондай-ақ, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Рио Олимпиадасында жүлдегер атанған Елдос Сметовті Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Парасат» орденімен марапаттады. Халықаралық Дзюдо федерациясы 2017 жылдың қаңтар айында бекіткен тізім бойынша 60 кг салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте 1-орында тұр. Жапонияның Токио қаласында өткен 2020 жылғы XXXII Жазғы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңімпазы, алтын тұғырға лайықты, атақ-даңқы жер жарған әлем чемпионы.

Тараз жерінің тумасы  Елдос Сметов «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінде қонақта болды. Қорық-музей директоры Н.Бықыбаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қорық-музейі атынан жерлесімізді жеңісімен құттықтап, Отанымыздың игілігі үшін жаңа спорттық жеңістер тілеп,  облысымыздың ескерткіштері туралы кітабын сыйға тартып, алғыс хатпен марапаттады.

Өз кезегінде чемпион қорық-музейінің қызметкерлеріне көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді, қызметкерлерге тарихи-мәдени мұраны насихаттауда одан әрі табыстар тіледі. Ізгі тілектерін қорық- музейінің тілек  кітабына қалдырды. Әулие ата атанған Қарахан бабамыздың кесенесіне барып, батасын алды.

Өркендей бер жүрегі ел деп соққан Елдос батыр. Қазақ елін қуанышқа бөлеген, белді спортшымыз Елдос Сметов даңқын асқақтай берсін демекпіз. Біз сенімен мақтанамыз! Еліміздің көк байрағы жеңісті күндерде желбірей берсін демекпіз!