«Фотокамера объективіндегі полицей»
Ағымдағы жылдың 21 маусым күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі мен Жамбыл облыстық полиция департаменті Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында 23 маусым Қазақстан полициясының төл мерекесіне орай, «Фотокамера объективіндегі полицей» атты кәсіби және әуесқой фотосуретшілер байқауын өткізді. Бүгінгі фотосуретшілер байқауы өзіндік айна болып табылады, онда әр түрлі фотожұмыстар арқылы біздің азаматтарымыздың полиция жұмысына қалай қарайтындығы, олар өз қызметтерін абыроймен атқарып жүрген адамдарды қалай көретіндігі көрсетілген. Сондықтан фотобайқаудың негізгі мақсаты полиция қызметі туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру болып табылады. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің директорының атынан арнайы алғыс хатымен полиция генерал-майоры Сүлейменов Жанат Қуанышұлы марапаттады. Сонымен қатар Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Сүлейменов Жанат Қуанышұлы көрмені ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, полиция департаментімен өзара әрекеттестігі және полиция қызметінің халыққа жеткізіп, оң имиджін қалыптастыруға үлес қосқаны үшін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейінің директоры Бықыбаев Нұрлан Дүйсеналыұлы мен директордың Ғылыми істер жөніндегі орынбасары Алимжанова Ғалия Жапсарбайқызына өздерінің алғыстарын білдіре отырып, алдағы уақытта да тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтындығын мәлімдеді.