Облыс әкімінің қатысуымен кеңес өтті
Бүгін облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен кеңес өтті, оған Облыстық басқарма басшылары мен «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік қорық-музейінің басшылығы қатысты. Кездесуде Жамбыл облысының Түркістан қаласындағы Мәдени Күндерінің өткізілу барысы мен міндеттері айтылды. Қорық-музейі де осы ауқымды шараға қатысып, Түркістан қонақтары мен тұрғындарын Көне Тараздың құнды ды бірегей археологиялық мұраларын танысулыран мүмкіндік туып отыр. Қорық-музей қызметкерлері осы жылдың 3-4 шілдесінде Түркістан қаласында өтетін осы ауқымды шараға дайындығын бастап кетті.