«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Көне Тараз» аумағында танымдық экскурсия жүргізілді

«Көне Тараз» аумағында танымдық экскурсия жүргізілді

Бүгінгі күні кезек күттірмейтін міндеттер бірі жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін тәрбиелеу, оның білім деңгейін арттыру, сонымен қатар патриоттық сезімдерін ояту және өзін-өзі тану болып табылады.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік қорық-музейі қызметкерлері жазғы уақытта орта мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді де рухани өтуіне жағдай жасау мақсатында  №45 Б.Момышұлы атындағы қазақ классикалық гимназиясының оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері «Көне Тараз» аумағында археологиялық көрме өткізіп, танымдық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында оқушылар туған өлкенің тарихына және бірегей экспонаттарға деген шынайы қызығушылықтарын білдірді.