Кезекті сабақ өткізілді
Жақында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері өлкетану бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының арасында зерттеу тобымен кезекті сабақ өткізді. Жас зерттеушілер Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань халықаралық бағдарына енген Жамбыл облысының археологиялық ескерткіштерін зерттеді. Педагог Исатаева Л. Ж. жетекшілігімен оқушылар археологиялық ескерткіштер туралы библиографиялық және ғылыми зерттеу деректерін жинады және объектілерге бару маршрутын әзірледі.