«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Экскурсиялық қызмет көрсетілді

Экскурсиялық қызмет көрсетілді

2021 жылдың маусым айында Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деген тақырыппен халыққа Жолдаудағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімінде басым бағыттардың бірі білім беру сапасын жақсарту болып табылды.Осы жолдау аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері»тарихи-мәдени қорық-музейі маусым айынан бастап жасөспірімдер арасында тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау,өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында «Өз өлкеңді сүй және біл» атты тақырыптық үйірме ұйымдасырып келеді. М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің  экология және география мамандығының  білімгерлеріне «Көне Тараз» ашық аспан астындағы саябағында археологиялық қазба жұмыстары жасақталған көрме ұйымдастырылып,экскурсиялық қызмет көрсетілді.